Ақтөбеде көлік көпірден құлап кетті. Жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиға Заречный елдімекені маңында болған. Жылдамдықты асырған «Lexus» «Subaru»-мен соқтығысқан. Қатты соққыдан Лексус көлігі көпірден төмен қарай құлап кеткен. Абырой болғанда көлік жүргізуші аман, дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр дейді.Айдос ҚҰЛЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Нәтижесінде Лексус көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға қаралған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының орнын қарау кезінде жолдың тайғақтығы байқалмайды. Б. Рахметова