Ақтөбеде көшпелі цирк Сазды өзенін ластап жатыр

Ақтөбе тұрғындары өкпелі. Қалаға бір ай бұрын көшпелі цирк келген. Сол уақыттан бері жануарлардың нәжісі мен қалдықтарын Сазды өзеніне төгіп, ластап жатқан көрінеді. Жұртшылық цирк әкімшілігіне қатаң жаза қолдануды талап етіп отыр.Бұл видеоны тұрғындар әлеуметтік желіге жүктеді. Қаланың қақ ортасындағы Сазды өзенін бұлайша ластау шектен шыққандық дейді. Лариса КОНДРАТКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мына жақтан жел соқса, сасық иіс қолқаны қабады. Жануарлардың жүнінің, нәжісінің иісі. Енді өзенді ластап жатыр. Жазда балалар ол суға түседі. Кім бұған жауап береді?! Табиғат жанашырлары да дабыл қағуда. Мұның үлкен зардабы болады дейді. Татьяна ОСТРЕЦОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Бұл - эпидемиологиялық талаптарды өрескел бұзу. Бұған рұқсат бергендер ол циркте тірі жануарлар бар екенін ескермегені ме сонда? Олардың табиғатты ластап жатқанын қадалайтын орындар неге жұмыс істемейді? Көшпелі цирк жеке сауда орталығының аумағында орналасқан. Цирк әкімшілігі бізге сұқсат беруден бас тартты. Қала билігі де бұл мәселеден басын алып қашып отыр. Қазір облыстық мәдениет басқармасы рұқсат берді ме әлде қалалық әкімдік пе, екі жақ бір-бірін кінәлап әлек болып жатыр. Ал экологтар арнайы арыз шағым түспесе, тексеріс жүргізе алмайтынан айтады. Меруерт СЕЙІТЖАПАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ: Ол туралы тұрғындар өтініш келіп түскен жоқ. Нақты факт көрсетілген жоқ. Егер де кәсіпкерлік кодекс талаптарына сәйкес бізге заңды не жеке тұлғадан арыз түскен жағдай да нақты мән-жайды көрсеткен жағдай да біз тексеру шараларын аламыз. Жоспардан тыс тексеріс жүргіземіз. Полиция бұған қатысты іс қозғап, цирк басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тартты. 30 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Солтүстік Қазақстанда екі адамнан қауіпті инфекция анықталды
Шымкентте судья 110 млн теңге пара сұраған деген күдікке ілінді
Миллион долларға жуық ақшаны алып кеткен: Бішкекте тонау оқиғасы видеоға түсіп қалды: 12 желтоқсан 2024, 10:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр