Ақтөбеде полицейлер ұрланған көлікті қуып, апатқа ұшырады. Бұл сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. "3 сәуірде түнгі мезгілде полицияның 102 пультіне Алға ауданының Маржанбұлақ ауылынан туысының KIA автокөлігін заңсыз айдап әкеткені туралы хабарлама түсті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларын қарау барысында автокөлікті Ақтөбе қаласындағы көшелердің бірінен байқап, ақпарат патрульдік полиция жасақтарына берілді", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері. Әбілқайыр хан даңғылында көлікті айдап әкетуші жол бұрылысына сыймай аударылып, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан. Көлікті мас күйде басқарған автокөлік ұрысы полиция бөліміне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккендер жоқ.