Ақтөбеде маскүнем ана баласын аштан қатырған

Ақтөбеде жауапсыз ата-ананың кесірінен бір жасар сәби өз үйінде көз жұмды. Төрт және бір жасар балаларды маскүнем анасы тамақ бермей аштан қатырған. Бұған дейін көршілері жауапты орындарға шағымданған. Алайда, нәтиже болмапты. Ақыры баланың бірі қайтыс болған. Ал ата-анасының оны жерлеуге де шамасы келмепті. Толығырақ Бақыт Рахметова айтады.Бұл - Вованың тоғыз айлық кезі. Сәби еріктілер берген сүтті қос қолдап ұстап, құмарлана ішіп жатыр. Төрт жастағы ағасы Алексей екеуінің аштықтан жылайтын да әлі жоқ. Бірнеше күннен бері дұрыс тамақтанбаған, жөргегі ауыстырылмаған баламен анасының мүлдем шаруасы жоқ дейді еріктілер. Екатерина ГОЛОТИНА, «ДОБРО» ЕРІКТІЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Анасы балаларына мүлдем тамақ бермеген. Кішкентай сәбиге шекер қосылған су берген неше күн бойы. Аштықтан бала шырқырап жылап жатыр. Үлкен Леша тамақ іштің бе десек, жоқ дейді. Балалардың түрі аянышты. Өте арық,терісі үстіне жабысып, көздері үңірейіп кеткен. Біз барлық жауапты қызметті шақырттық. Еріктілер шу көтеріп, полиция, қамқоршылық қызметі мамандарын шақыртып балаларды сәбилер үйіне орналастырған. Бірақ бір жетіден кейін олардың әкесі келіп, бүлдіршіндерді алып кетіпті. Ал көп ұзамай кішкентай Вованың пневмониядан қайтыс болғаны белгілі болды. Ішімдікке салынған ата-әже, ата-ананың табыттағы баланы үш күн бойы жерлеуге де шамасы келмеген. Анастасия МУРОМЦЕВА, КӨРШІСІ: Ешкім де келген жоқ. Балалармен жауапты қызметтің тіпті ісі болмады. Олар бақылауға алса, бір жасар бала өлер ме еді. Ата-анасын көріп тұр қандай екенін, не береді?! Құтылғанша асығады, оларға бәрібір. Балалардың анасы- 34 жастағы әйелдің бес баласы болған. Үлкен екеуі қазір - балалар үйінде. Тағы бір баласы бірнеше жыл бұрын бір айлық кезінде шетінеген. Әйелді бірнеше жыл бұрын ата-аналық құқынан айырған. Сондықтан балаларды әкесі алған. Мирас ТҰРҒАНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Ең бірінші әкесі келген кезде бұл кісілерге құжат жинасын дедік. Ол кісілер барлық құжаттарын жинап толық тапсырды. Арыз ретіНде тапсырды.Бұл істі Қорғаншылық кеңес шешімімен бұл кісілерге қайтарып бердік. Полицияның ақпаратынша, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оның қорытындысы бойынша, сәби жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған. Қазір оның ағасы, төрт жастағы Алексей балалар үйінде, алдағы тағдырын қорғаншылық кеңес шешеді. Айта кетейік, Ақтөбеде өз отбасында балалардың қараусыз қалып, қаза тапқаны- бұл бірінші жағдай емес. Былтыр төрт жасар Даниил Ахунов та жауапсыз ата-ананың кесірінен көз жұмған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Қарағандыда автобус өртенді
Тұман түсіп, жел күшейеді
ШҚО-да қар көшкініне байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылады
Бірнеше өңірде ауа ластанады
6 пәтер мен 19 люкс көлік алған: Қарағандыда ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері қызының еміне жиналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді
24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“Бір плюс, бір минуспен аяқталды“. Экономист 2024 жыл туралы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды
2024 жылы ең көп қойылған есімдер. Тізімде кімдер көш бастап тұр?
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Астанада шаңғы маусымы ашылды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды