Ақтөбеде мектеп директоры 600 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп директоры 600 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Шалқар ауданындағы №6 мектеп директорының ісі сотқа түскен. Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабымен қаралады. Оған 600 мың теңге пара алды деген айып тағылып отыр. Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, директор әуелі жұмыстан шеттетілген. Ал қызметтік тексеруден соң орнынан босатылған. «Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйенсек, Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігімен сотқа берілген Жаңабай Ақмырзаұлы Мусин жөніндегі қылмыстық құқықбұзушылық туралы істің басты талқылауы 27 ақпан күні электронды форматта жүргізіледі. Сотталушы Ж. Мусинге қолданылған «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық түрінде» бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Басты сот талқылауы прокурордың және қорғаушының қатысуымен ашық сот отырысында қысқартылған тәртіппен қаралады. Сотталушы жеке қорғаушы жалдаған», - делінген хабарламада. Айта кетейік, мектеп директоры Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылса, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айрылады. Параның елу еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда кикбоксшы Әли Серік кісі қолынан қаза тапты
Әлімханұлы Канелоның салмағына қашан өтетінін айтты
«Дұға етіп жатқан»: Желіде құлаған ұшақтың ішінен түсірілген видеолар пайда болды
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады