Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен қызын пышақтаған

Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен өгей қызын пышақтаған. Жұртты дүрсілкіндірген оқиғаға қатысты сот отырысы басталды. Бұл жағдайға не себеп болғаны және басқа да жайттар бүгін белгілі болды. Тілші тарқатады.Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: Бұл оқиға өткен жылдың қазан айында Шалқар ауданы Аққайтым ауылында болды. Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, отағасы сол күні Ұстаздар күнін тойлап, үйге мас болып келген. Әйелі төсекті балалар бөлмесіне салғаны үшін ұрыс шығарған. Ақыры айқай шуға ұласып, жүкті келіншегіне екі жерден, ал қызына құлақ шекесіне пышақ жарақатын салған. Арман ҚОҢЫРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: Сендерді өлтіремін, екеуінің бастарынды шауып әкелеріннің алдына апарып беремін. Керек болса, ішіндегі баланы кесіп алып кіндігімен қоса қолына ұстатамын деген ауыр сөздер айтып сол қолында ұстаған пышағын Нағашыбайға қарай бағыттап сермеп, оң жақ кеуде тұсын кесіп, сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жеңіл дәрежелі зиян жүзі өткір кесетін заттың яғни пышақтың ден жарақатын салған. Күдікті артынша есін жинап өзінің анасына және інісіне хабарласып, болған жайды айтқан. Мектеп директоры дереу қамауға алынды. Оған екі бірдей бап бойынша айып тағылып отыр. Бірақ күдіктінің қорғаушылары бұл ауыр жаза деп есептейді. Қуандық ЕРСЕЙІТОВ, ҚОРҒАУШЫ: Менің қорғауымдағы Данабековтың әке-шешесін, інісін шақырған. Оған дейін іс –әрекет жасауына мүмкіндік болғанын бұл жерде Данабековтың іс-әрекетінде ҚР ҚК 99 баптың көрсетілген қылмыстың құрамының жоқ екендігі анық көрініп тұруына байланысты. Іс әрекетін ҚР ҚК 115 бабын қорқытуға қайта саралауды сұраймын. Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: Сот қорғаушының өтінішін қаңағаттандырмады. Айта кетейік, жәбірленушінің өзі сотта болған жоқ. Өйткені ай күні жетіп, босанғалы отыр екен. Соттың келесі отырысы 9 ақпан күні өтеді. Б. Рахметова

Читать источник astanatv.kz/kz/
Салық қызметкеріне айыппұл салынды
Астана мешіттерінде сурдоаударма қызметі іске қосылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті