Ақтөбеде мектептегі шаруашылық бөлмесінің қабырғасы сөгіліп кетті

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп қабырғасы сөгіліп кетті. Бұл - қосымша шаруашылық бөлмесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп 2012 жылы салынып, қолданысқа берілді. 600 орынды білім ордасында қазір 1200 бала білім алып жүр. Мұндағы шаруашылық бөлмесінің қабырғасы сөгіліп кетіп, ата-аналар балаларының өміріне алаңдап отыр. Облыстық білім басқармасы осы жайтқа түсінік берді. «Жаңбыр суы кезінде мектептегі қосымша шаруашылық бөлмесінде жылу және су құбырлары орналасқан қосалқы бөлменің қабырғасы сөгіліп кетті. Яғни, қосалқы қабырға негізгісінен ажыраған. Бұл тірек қабырға емес. Ол кезде мектепте бала болмады. Қабырғаны сол бойда алып тастап, бөлу жұмыстарына пластикалық қабырға қолданылып жатыр. Әлеуметтік желідегі пабликтерде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. «Дала көрініп тұр» дейді. Бірақ ол өтірік. Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында облыстық білім, құрылыс басқармалары мен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының мамандары бар. Олар мектептің техникалық жағдайын қарап, сараптама жасайды. Содан кейін ғана нақты жағдай белгілі болады. Егер мектеп балалар білім алуға жарамсыз болса, ол жерге оқуға жібермейміз», - деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуова. Оның айтуынша, бұған дейін мектепте дәл осындай жағдай болмаған. Айта кетейік, ауылда халық өсімі бар. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 300 орынды мектеп салынады. Құрылыс 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті