Ақтөбеде мопедтердің қатысуымен 74 жол-көлік оқиғасы болған

Ақтөбеде мопед және скутерлердің қатысуымен жол -көлік оқиғалары жиілеп кетті. Жыл басынан бері қаланың өзінде 74 жол апаты тіркелген. Қырыққа жуық жасөспірім жазым болды. Ақтөбеде скутер, мопед десе қарапайым жүргізушілер де шошиды. Өйткені оны негізінен жасөспірімдер тізгіндейтін болғандықтан, қауіпті. Көпшілігі жол қозғалыс ережесін сақтамақ түгілі, білмейді дейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА:- Оған отыратын кілең жасөспірім 18-ге толмаған көбісі, онға толмаған балдар отырады. Қалай ата-аналар оған қарап жатқанын мен түсінбеймін оны. Себебі ата-ана денсаулығын ойламай ма? Олар барлығы доступно болып кеткен. Бұл жерде екі тараптан кінә бар бірінші ата-наа екінші үкімет шара қоймай жатыр. Сондықтан ол өте қауіпті. - Скутер мопед жүріп келе жатқанда алдымыздан өтіп аварийный ситуация создавать етеді біздерге. Соның бәрін енді бір жағына шығау керек қой. Неге десең машинаға жүру қиын. Оң жақтан сол жақтан шығып, байқамай қаласың. Сосын оларда нөмірде жоқ. Ақтөбеде жыл басынан бері осы скутер мен мопед мінген отыздан астам бозбала түрлі жарақат алып ауруханаға түссе, бір адам қаза тапты. Дәрігерлердің өзі бұл көліктің өте қауіпті екендігін айтып отыр. Бағлан РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ: Қол аяқ жағынан сынықтар бар. Анадай жаралар бар. Ми шайқалғандар бар. Оның ішінде бір скутерден құлаған кәмелетке келмеген бала бар. 17 жасар ауыр жағдайда түсті. Оны бір күн бізде ұстап, сосын областной детский ауруханаға жіберілді. Айта кетейік, скутерлер мен мопедті қазір Ақтөбеде 300-350 мың теңгеге алуға болады. Мамандар ата-аналар бұл қауіпті көлікті балаларына алып бермес бұрын ойланса екен дейді. Алмас КАНАЛИН, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Жүргізуші куәлігі берілмеген соң, олар жол жүріс бөлігінде өздерін қалай ұстап, тұруын, жүруін білмейді. Сол себепті жол ережесін білмеген соң, олар түрлі жол-көлік оқиғаларына тап болып жатыр. Қазір полицейлер скутер мен мопед тізгіндеушілерді тоқтатып, жол ережесін түсіндіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Бірақ заң жүзінде көлік құралы ретіңде тіркеуге алып, жүргізуші куәлігін алуды міндеттемей мәселе шешілмейтін сыңайлы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сабырхан Төрехан Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады