Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарды өмірге бейімдеу баспаналары ашылды

Ақтөбеде 18 пен 35 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған өмірге бейімдеу баспаналары ашылды. Бұл пилоттық жоба ауыл жастарының қалаға келіп дамып, жетілуіне негізделген. Сондай-ақ, ерекше жастар оқып, жұмыс істеп, өз бетінше өмір сүруге дағдыланады. Нұрлыбек Сейілханов 27 жаста. Шұбарқұдық ауылынан келген жас жігіт бірнеше жыл бұрын өндірісте жарақат алған, қазір балдақпен жүреді. Ол ауылда өз үйінде жүрсе де, қоғамнан оқшауланып, өмірден құр қалғандай күн кешкен. Ал осы бейімдеу пәтерлері туралы естігенде алғашқылардың бірі болып, қалаға келіпті. Нұрлыбек СЕЙІЛХАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Көп ауылда адамдар жатыр ғой. Қазір бір сөзбен айтсақ қарайып қалды. Олар білмейді мұндай мүмкіндік бар екенін. Ал мұнда келсе, мүмкіндігі шектеулі жандармен араласса, сөйлессе, өзің орта табады, ашылады. Жұмыс тауып кетсе тіпті жақсы ортаға еніп кетуге мүмкіндік береді. Әзірге қалада осындай екі пәтер бар. Олардың біреуі қыздарға, екіншісі жігіттерге арналған. Пәтердің әрқайсысында төрт адамнан тұрып жатыр. Ауылдан келген жастар үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ олар әлеуметтік қызметкер мен психолог мамандардың көмегіне жүгіне алады. Құралай БАЙМЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАНДАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Мүмкіндігі шектеулі жанды үйінен шығарып, қоғамға араластыру өте маңызды. Қазір жастарға мүмкіндік көп, оқу орындары, дамуға арналған курстар, бірақ ауылда тұратын жастардың қолы қысқа. Олардың қалаға келіп пәтер жалдайтын мүмкіндігі жоқ. Бұл жоба БҰҰ Қазақстанды дамыту бағдарламасының гранты бойынша жүзеге асып отыр. Әзірге ол жобаға Ақтөбе және Тараз қаласы қатысқан. Грант тек бір жылға негізделген. Б. Рахметова

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Қарағандыда автобус өртенді
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды