Ақтөбеде онкологиялық ауруға шалдыққан қызметкер жұмыс берушіден 17 млн теңге өндіріп алды

Жұмыс орнында ауру жұқтырған Ақтөбе тұрғыны жұмыс берушден 17 млн теңге ақша өнідіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Ақтөбе соты қызметкердің жұмыс берушіден моральдық шығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. Іс материалдарынан анықталғандай, талапкер зауытта 25 жылдан астам шикізат дайындау операторы болып жұмыс істеген. 2021 жылы талапкерге қатерлі ісік диагнозы қойылды. Санкт-Петербургте оған ақылы ота жасалып, бір өкпесін алып тастаған. Оған екінші топтағы мүгедектік тағайындалды. Қызметкердің жұмыс орнында ауру жұқтырғаны дәлелденіп, жұмыс берушіге айыппұл салынды. “ЖұмЫс беруші кiнәсының дәрежесiне қарамастан, талапкердiң денсаулығына келтiрiлген моральдық зиянды өтеуге мiндеттi. Сот зардап шегушінің онкологиялық ауруға шалдыққанын, өмірлік маңызды орган – өкпесінің алынғанын, тыныс алу жеткіліксіздігі түріндегі асқынулардың пайда болуын, сырттан көмек пен күтім қажеттігін ескере отырып шешім қабылдады", – делінген Ақтөбе сотының хабарламасында. Сот шешімімен жұмыс берушіден талапкердің пайдасына 17 миллион теңге моральдық шығын өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қазақстанда бұған дейін жабылған кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді: 15 желтоқсан 2024, 10:24 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)