Рельстен шыққан «Бішкек-Самара» пойызының жолаушыларына ыстық тамақ жеткізілді. Оларды дәрігерлер де қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысы Ералы Тоғжанов теміржолдағы апаттан кейінгі жағдайды бақылауына алып, жолаушыларға көмек көрсетуді тапсырды. «Оларға ыстық тамақ жеткізілді. Дәрігерлер де жолаушыларды қарап шықты. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын атқаратын пойыз жетті. ТЖД мен «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Апаттың себебін арнайы комиссия анықтайды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.