Ақтөбеде төрт жыл бұрын «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінде бой көтерген көпқабатты екі тұрғын үй сапасыз материалдан салынған. Осыдан біршама уақыт бұрын іргетас үгітіліп, жарыла бастаған соң, тұрғындар шағымданған болатын. 48 отбасы басқа жерге көшірілді. Ал нысан құрылысына арнайы сараптама тағайындалған. Соның алдын ала нәтижесі бойынша іртетастың сапасыз бетоннан құйылғаны анықталды.Руслан ӘЖНИЯЗОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл тұрғын үй апатты жағдайдың алдында тұр. Ең әуелі іргетасы қаланған бетонның сапасына тікелей байланысты болып тұр. Сараптама қортындысында бетон сапасыз жасалуы мүмкін делінген. Зерделеу қорытындысы үйдің іргетасын бекітіп, қайта жасауды ұсынып отыр.