Ал Ақтөбеде үш бірдей шаруа қожалығының басшысы алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Олар мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсаған. «Аграрлық кредиттік корпорация»-ның облыстық филиалы «Сыбаға» және «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламасымен шаруашылықтарға несие берген. Ал қожалықтар 180 млн теңгеге мал алмай, оны басқаға жұмсаған көрінеді. Өркен ЕЩАНОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болуына байланысты материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Олар бойынша ҚК 190 бабы 4 –бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта тергеу нәтижелері бойынша бір қылмыстық іс сотқа жіберілді. Екі іс бойынша тергеу жүргізілуде.