Ақтөбеде шаруашылықтағы сиырлардың қарасан ауруынан өлгені белгілі болды

Ақтөбеде 9 бас ірі қараның қарасан ауруынан өлгені белгілі болды. Сараптама қорытындысы осыны көрсетті.Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, өлген малдан алынған сынама қорытындысы бүгін шықты. Онда сиырлардың қарасан ауруына шалдыққаны белгілі болды. - Ақтөбе облыстық ветеринариялық зертханасының сараптау актісінің нәтижесіне сәйкес қарасан ауруына оң нәтиже көрсетті. Бүгінгі таңда анықталған эпизоотиялық ошаққа Тоқмансай ауылдық округі әкімінің шектеу қою туралы шешімі күтіліп отыр. Сауықтыру іс-шараларын «Эпизоотияға қарсы жасақ» РМК мамандары жүргізеді. ҚР Заңнамасына сәйкес мал иесіне келтірілген шығын республикалық бюджеттен төленеді,- деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасы. Еске салсақ, 22-27 күндері аралығында Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округінде «Өлетті» шаруа қожалығында 9 бас ірі қара өлді. Ветеринар мамандар алдымен уланған деп болжам жасады. Бірақ болжам расталмай, қарасан ауруы анықталды. Ветеринар мамандар жануарлардың барлық өлексесін Тоқмансай елді мекеніндегі мал қорымына апарып, залалсыздандырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Құттықтау жеделхаты
Көлеңкелі бизнес көсегені көгертпейді
Шымкенттен Үрімшіге тікелей әуе рейсі ашылады
Бозкілемде атой салған балуандар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жол жабық
Жасанды интеллект жаппай құбылысқа айналмайды
Шымкенттен Үрімшіге тікелей әуе рейсі ашылады
Көлеңкелі бизнес көсегені көгертпейді
Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
4 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жайылым жерлерді кеңейту
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Кинода да кино бар, кейіпкері тым бөлек
Инвестицияның игілігі мен иірімі
«Байға тиемін»: Құлдықта болған Құндыз күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Қазақстандықтар 8 наурызда қосымша демалыс күнін алады
Бокстан айымыз оңынан туды
Мұғалім болу – бір басқа, «ұстаз» болуға тест керек
Керек ағашты кесе берме
Азық-түлік бағасы реттелмек
Ақмола әкімдігі жер қойнауын пайдалану бақылауын күшейтті
Қазақ тілі – ұлттық бірегейлігіміздің нышаны
Жезқазғанда африкалық мұғалімге заңсыз жұмыс істегені үшін айыппұл салынды
Қос азаматтығы бар адамдар анықталды