Ақтөбелік құтқарушылар биіктен секірмек болған 40 жастағы ер адамды құтқарды.9 қарашада құтқарушылар дереу шақырту орнына келіп жетті. Ер адам үйдің шатырынан секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болған.Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Рустам Бикбаев пен бөлімше командирі Нұрболат Әжіғұлов 40 жастағы ер адамды сөзге тартып, оны бұл қадамнан бас тартуға көндірді. Құтқарушылар әр қиындықтың шешімі бар екенін, өзіңізді және жақындарыңызды қорғау керек екенін ескертеді!