31 наурыз күні жүргізуші Тимур Сүлейманов Астанадан келе жатып, Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылында орналасқан кафеге шай ішуге кіріп, үстел үстінен 1100 АҚШ доллары, 465 мың теңге ақшасы мен құжаттары бар әмиян тапқан. Бұл туралы NEGE.KZ хабарлады. Азамат сөмкені полиция қызметкерлеріне тапсырған.Ақша мен құжаттардың Қырғыз Республикасының азаматы Бекар Хиязовқа тиесілі екенін анықталды. Қазалы қаласына жетіп қалған Хиязовқа полицейлер жоғалған заттарын тапсырған. Шетелдік полиция қызметкерлеріне және әмиянды тапқан жүргізушіге алғыс айтты.