Ақтөбеде су айдындарына 33 бейнебақылау камерасы қойылады

Ақтөбеде су айдындарына бейнебақылау камералары қойылуда. Бұл қайғылы жағдайдың алдын алу үшін маңызды. Себебі, өңірде суға кету дерегі көбейген. Бір айда 4 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Өңірде 59 жағажай бар. Оның 22-сі қалада, қалғаны аудандарда. Бірақ тыйым салынған жерлерде суға шомылушылар азаяр емес. Құтқарушылар күнделікті түскі екіден кешкі сегізге дейін су айдындарында рейд жүргізеді. Елена ЗАКЕРЯНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Здесь дачи, много кто приходит....Бұл жерде саяжайлар сондықтан көп адам шомылуға келеді. Жақын болған соң. Жилгородской пляж бізге алыс. Мына ыстықта оған баруға ниет те жоқ. Осы жерден бізге шомылуға болатындай коммуналдық жағажай жасап берсе жақсы болар еді. Облыс аумағында шомылуға қауіпті деп белгіленген 200 ден астам орын бар. Құтқарушылар қала маңында осындай 18 орынды анықтаған. Бір айдың ішінде Ақтөбеде төрт адам суға кетті. Біреуі- 17 жастағы бозбала. Асқар СЕРДАЛИН, ҚАЛАЛЫҚ №4 ҚҰТҚАРУ БЕКЕТІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:Енді ол жерде неше түрлі адам кездеседі. Кейбірі түсінігі бар, оларға түсіндіріп ескертеміз. Олар жәймендеп үйіне қайтады. Неше түрлі адам кейде ішкендер кездеседі. Айтқанды тыңдамайтындар болады. Жанжал шығарып, провокация жасап, оларға учасковый шақырамыз. Учасковыйдың жәрдемімен үйлеріне қайтарамыз. Сонда да ескертуге құлақ аспайтындар көп. Бүгіннің өзінде он бес адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды. Бекзат АМАНГЕЛДІ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ ОФИЦЕРІ:Егер де суға түскен фактілері тіркелетін болса ТЖД немесе бізбен әкімшілік жауапкершілкке тартылады немесе полиция қызметкерлерімен 412 бап бойынша айыппұл салынады. Жеті мрп 26 мың теңге. Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Ақтөбеде адамның жағажайларда қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы бейнебақылау камералары орнатыла бастады. Бүгінде тоғыз камера орнатылған. Олардың саны осы шомылу маусымының аяғына дейін 33-ке дейін жетеді деп күтілуде. Камералар әзірге Електің бойында, Заречный, Абрикос саяжай маңына қойылған. Бұл-ең қауіпті орындар дейді мамандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дубай шоколадын сатамын деп жұртты алдаған адам сотталып кетті
Қазақстанның алғашқы бас мүфтиі Рәтбек қажыға көлік сыйланды
Ақтөбе облысының жаңа прокуроры тағайындалды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды