Ақтөбеде су тасқынынан кейін сирек кездесетін кішкентай әупілдек табылды. Құс қаланың көпқабатты үйлерінің ауласында жүріпті. Тұрғындар үріккен балапан құсты қорапқа кіргізіп, еріктілердің көмегімен жас натуралистер стансасына жеткізген. Мамандардың айтуынша, мұндай құс әдетте өзен- көлдерді мекендейді. Тасқын кезінде судың толқыны құсты қаланың орталығына әкеліп тастаған болуы мүмкін деген болжам бар. Құстың денесінде ешқандай жарақат жоқ. Әзірге балапан мамандардың жіті бақылауында болады. Дидара КЕНЖЕҒАРИНА, ҚАЛАЛЫҚ ЖАС НАТУРАЛИСТЕР СТАНСАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өзімізде бірінші рет көріп тұрмыз бұл құсты. Көбі түсінбеуі мүмкін қандай құс екенін тырна тектестерге жатады. Сосын ол жаңағы суларды мекендейді. Көбінесе бұл құсты сирек көреді. Ұясынан түсіп қалуы мүмкін кішкентай болған соң, жоғалып қалған сияқты. Сондықтан әзір бізде қарап жағдайын бақылап, тамақтандырып, азықтандырады біздің жануарлар қарауш.