Ақтөбеде тасқын кезінде дүниеге келген үшем бүгін перзентханадан шығып, үйіне жіберілді.Екі ұлдан кейін бірден үш қызды болған жас ананың қуанышында шек жоқ. Нәрестелер 28 наурыз күні кесір тілігі арқылы дүниеге келген. 35 аптада, мерзімінен бұрын туғандықтан әуелі жансақтау бөлімінде болыпты. Кейін салмақ жинап, жақсы болған соң палатаға шығарылған. Үшемге ата-анасы Сұлу, Әдемі, Дара деген есім беріпті. Ал 31 жастағы келіншек бірден көпбалалы ана болып шыға келді. Гүлсім ЖОЛМҰХАМБЕТОВА, ҮШЕМНІҢ АНАСЫ: Қатты қуандым. Қуаныш сезімімен бірге қорқыныш сезімі де болды. Аллаға шүкір етіп қатты қуандық, туысқандар мен отбасымызбен. Дәрігерлерге медбикелерге қасымнан бір елі кеткен жоқ. Күнде күнде тексеріп, балалардың жағдайын сұрап күнде қадағалауда болдық. Дәрігерлерге медбикелерге алғысым өте зор.