Ақтөбеде төрт айлық сәбиге күн өтіп, ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында төрт айлық сәбиге аптап ыстықта күн өтіп, ауруханаға жеткізілді. Бүлдіршін анасымен бірге 41 градус ыстықта күн астында бір сағаттай уақыт жүріп қалған. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем ауруханасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.Ақтөбе облысында соңғы күндері ауа температурасы 41 градус ыстықты көрсетіп тұр. Жедел жәрдем қызметінен төрт күнде күн өткен 10 адам көмек сұраған. Оның үшеуі ересек болса, қалғаны балалар."6 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін 10 адам күн өтіп, жедел жәрдем көмегіне жүгінді. Ыстық өткен жеті баланың екеуі ауруханаға жеткізілді. Дәрігердің тексеруінен кейін балалар үйіне жіберілді. Төрт айлық сәби бір сағаттай анасымен далада жүріп қалған. Әлсіз болған соң ол аураханаға жеткізілді. Аса ауыр жағдай тіркелмеді", - дейді Жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлжанат Кушетова.Жедел жәрдем қызметі мамандарының айтуынша, облыста күніне мыңнан аса адам 103 қызметіне жүгінеді. Бұған дейін күніне 900 қоңырау түсіп келген. Көбі қан қысымының көтерілуіне қатысты шағыммен, үлкендер ғана емес, 25-30-ға келген жастар да көмек сұрайды. Осы орайда дәрігерлер аптап ыстықта далаға көп шықпауға кеңес берді."Шыққан кезде бас киім, жеңі ұзын мақта матадан тігілген киім киген жөн. Су көп ішсе дұрыс болады. Бәрі термен шығады", - дейді Гүлжанат Кушетова. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан футзалдан Еуро-2026 іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды