Ақтөбеде аты шулы іске нүкте қойылды. Түнгі клубта екі жігітті ұрып өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Бүгін он алты адамға үкім оқылды. Қылмыстық іс 104 томнан тұрды. Айыпталушылардың дені - «Миллиардер» түнгі клубының күзетшілері. Алты адам 4 жылға, тағы алтауы 2 жыл алты айға, тағы біреуі 3 жылға сотталды. Екі адам 15 және он жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Арасындағы ең кішісі-17-дегі жасөспірімге 2 жыл бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол сот залынан жіберілді. Нұрлан БАҚТЫҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ: Айбат Оразалиевич Мұхамбетжанов ҚР ҚК 293 бабы 2 бөлігі 1 тармағыында көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Мұхамбетжановқа қолданылған ешқайда кетпеу туралы және тиісті міңіз-құлық туралы қолхатта өзгертілсін. Мұхамбетжанов дереу сот залынан қамаудан босатылсын.