Ақтөбе облысында Сағыз өзені арнасынан тасып, Байғанин ауданында Көкбұлақ ауылында өткелді су шайып кеткен. 37 үй тұратын ауылмен екі тәулік қатынас болмай қалды. Ауылда мұрнына моншақ тығып алған үш жасар бүлдіршінді дереу ауруханаға жеткізу қажет болды. Ауылға жедел жәрдем көлігі кіре алмай, тұрғындар баланы ағаштан көпір жасап, арғы бетке әрең өткізіп алған. Балаға уақтылы дәрігерлік көмек көрсетілді. Қазір жағдайы жақсы. Жұртшылық Көкбұлақ ауылына тезірек көпір салса дейді. Азамат ЕРҒАЛИЕВ, ҚАРАУЫЛКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Халықтың сұранысы дұрыс. Оларға өткел, мост салу жөнінде бұл енді үлкен құрылыс. Оған жалпы ұсыныс пен жұмыстанып, тиісті мекеме арқылы техникалық –экономикалық негіздеме жасалып, ол жерде мост салу туралы сұрақ тұр.