Ақтөбеде тұрғындарға қоқыс тастайтын аумақтан жер учаскелері берілген

Ақтөбеде қоқыс тастайтын аумақтан тұрғындарға жер учаскесі берілген. «Рауан-2» елдімекенінің жұртшылығы енді тау болып үйілген қалдықтың кесірінен баспана сала алмай отыр. Ал амалсыздан үй салып алғандар қолқаны қабатын иіске тұншығып отырғандарын айтады. «Рауан-2» алабынан тұрғындарға жер учаскелері 2017 жылы беріле бастаған. Қазір бұл жерде жүз елуден астам үй бар. Тұрғындар қала шетінде таза ауамен тыныстап, рахат өмір сүреміз деп армандаған. Сөйтсе бұл жер қоқыс тастайтын орын болып шығыпты. Бақытбек НАҒЫПБЕКОВ, ТҰРҒЫН: Камаздар келіп төгіп кетеді. Газелдер келіп төгіп кетеді дейді. Былай қарай созылып жатыр енді бұл. Бір километрден астам жерге созылып жатқан шығар. Ескі мусорлар бар, шөп өсіп кеткен үстіне. Сәрсен БАЙБАҚТИН, ТҰРҒЫН: Үй сала алмайды адамдар. Мына мусордың барлығы бізге қарай ұшады. Біріншіден жағалай әрі қарай мусор жалғасып жатыр. Мұны қазір алмаса, қадағаламаса біздің қолмыздан келмейді. Ешкім тұра алмайды. Шенділер мәселеден хабардар. Қалада осындай заңсыз пайда болған жиырмаға жуық орын анықталыпты. Ал бұл жердегі қоқыс көлемі 10 гектар жерге дейін созылып кеткен. Дархан ТІЛЕУОВ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қаражат бөлінді, 239 миллион. Қазір конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Он алты мердігер қатысып жатыр оған. Қазіргі таңда ДВК дейміз ғой. Департамент внутренного контроля обжалованиені қарастырып жатыр. Содан кейін мердігер анықталғаннан кейін келер аптаға ол жұмыстарды бастайтын боламыз. Проблеманы жауаптылар бір айдың көлемінде шешуге уәде беріп отыр. Сонымен қатар, бұдан былай бұл жерге қоқыс төккендерге қомақты айыппұл салынатынын ескертеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апаты: алматылықтар марқұмдардың рухына тағзым етті
Шаттыққа толы шыршатой
Қазақстанның Көлік министрлігі ұшақ апатын тергеу жөніндегі комиссия құрды
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Маңғыстаулықтар зардап шеккен әзербайжандықтарды шығарып салды
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ын туыстары танып, жеке басы анықталды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
2025 жылы елордада жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады
Тимур Мұратов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты
Ештеңені растай да, жоққа шығара да алмаймыз - Бозымбаев ұшақ апаты туралы
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстандық спорт жұлдызы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)