Ақтөбеде түрлі ұлт өкілдері бауырсақ пісіруден жарысты. «Бауырсақ фест» байқауына 16 этномәдени бірлестік қатысты. Этномәдени бірлестіктер татулықтың белгісі ретінде шаңырақ тәрізді бауырсақ пісірген. Бұл жерде гүл тәріздес түрлі түсті, отар қой тәрізді, школодпен пісірілген түрлі пішіндегі бауырсақты көруге болады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Бауырсақты букет түрінде дайындап әкелдім. Қамыры классикалық қазақша қамырдан жасалған. Тек заманауи печеньеге арналған формамен гүлдерді ойып алып, қуырып букет жинап әкелдім. Наурыз құтты болсын! Еліміз тыныш болсын! } - Бұл жерде біздің байтақ даламыз. Тауымыздың пішінін беруге тырыстық. Бауырсақтың ішінде бал, қолдың қаймағын салып пісіріп әкелдім. Барынша әдемі және дәмді болсын деген ниетпен. Қаз-қатар киіз үй тігілген, кең дастархан жайылып, наурыз көже берілуде. Сондай-ақ, қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылған. Рауза СЕРҒАЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫ: Этномәдени бірлестіктер арасында «Бауырсақ фест» конкурсы . бізде он алты этномәдени бірлестігі өздерінің шығармашылығы қалай әдемі етіп жасаған соны қазір тағайындалған жюри сынайды. Киіз үй ішінде бірлестіктер қазақы тағамдарды әкеліп жатыр. Ұлттардың бірлігі мен ыңтымағын насихаттаған, олардың татулығын паш еткен фестиваль жалғасуда. Келген қонақтар тәтті бауырсақпен қатар түрлі ұлт өкілдерінің тағамдарынан да ауыз тиіп, дәм татып жатыр.
Жаңалықтар



































