Ақтөбеде уақытша ұстау изоляторынан екі күдікті қашқан. Оның біреуі ұрлық , екіншісі бұзақылық жасағаны үшін темір торға жабылған. Бір камерада отырған екеуі өзара келісіп, қашуды жоспарлапты. Түнгі үштің шамасында кезекші полиция қызметкерлері ұйықтап жатқанын пайдаланып, темір тор есікті өздері ашып, сыртқа шыққан. Сосын негізгі есік арқылы кедергісіз далаға шығыпты. Полиция қызметкерлері екі күдіктінің жоқтығын тек таңертең бір-ақ білген. Қашқындарды дереу іздеп тауып, түрмеге қамады. Екі күдікті де өз кінәсін толық мойындады. Ал қатты ұйқыға кеткен кезекшіліктегі полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталып, қылмыстық іс қозғалған. Әсел УТЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Далее, чтобы пройти мимо спящих дежурных сотрудников.... ұйықтап жатқан уақытша ұстау изоляторының кезекші қызметкерлерінің қасынан дыбысын шығармай, екі қолдарына аяқ киімдерін ұстап өтіп кеткен. Бірден екінші қабатқа көтеріліп, ғимараттан шығатын есік іздеп төменге түскен. Бірінші қабаттағы жабық тұрған магнитті темір есікті бұзып, сыртқа шығып қашқан.