Ақтөбелік белсенділер өңірде Үкіметтік емес ұйымдар үйін ашуды ұсынып отыр. Мұндай ресурстық орталық азаматтық қоғам институттарының белсенділігін арттырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге мұрындық болады дейді. Осы және өзге де мәселелер «Азаматтық сектор мен мемлекеттік органдардың сабақтастығы –өңір дамуының драйвері» атты өңірлік Азаматтық форумда талқыланды. ОБлыста 866 үкіметтік емес ұйым бар. Олар аумақтағы экологиялық ахуалдан бастап, денсаулық сақтау, білім беру саласында табысты қызмет етіп келеді. Ал өңірде үкіметтік емес ұйымдардың арнайы ресурстық орталығы ашылса, бұл белсенділік арта түсер еді дейді мамандар. Абай МЫРХИН, «ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ» ҚҚ ТӨРАҒАСЫ: Ресурстық орталық керек. Соның ішінде кеңес беретін оқытатын, үйрететін. Сосын мысалы аудандардан селолардан халық келіп жатса соларға көмек беріп, кеңес беріп, проблемаларын шешіп отыратын. Былай қарағанда жастардың идеялары көп. Бірақ өздері үкіметтік ұйым ашу үшін қаржы керек. Жиынға Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының да өкілдері қатысты. Динара Утебаева - Қостанай облысындағы ресурстық орталық басшысы. Ол орталықта жаңадан құрылған үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетіліп, тренингтік, құқықтық көмек көрсетеді. Бүгін олар өз тәжірибелерімен бөлісті. Динара УТЕБАЕВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ «ГРИН» АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Например, три года назад... Мәселен, үш жыл бұрын әлеуметтік идеялар жәрмеңкесіне бізге балалары аутизм дертіне шалдыққан ата-аналар келді. Бар болғаны 500 мың теңгеге біз оларға Монтесори кабинетін ашуға көмектестік. Келесі жылы олар өз Үкіметтік емес ұйымдарын ашуға келді. Біз оларға осы саланың қыр- сырын үйретіп, сенсорлық терапия кабинетін ашуға жәрдем бердік. Негізінен осындай азаматтық ұйымдар әр аудан орталығынан да ашылуы тиіс деген ұсыныс айтылды. Бұл Үкіметтік емес ұйымдарда әсіресе жастардың белсенділігі ерекше. Олардың бірқатары бүгін марапатталды.