Ақтөбеде үш баланың анасын бұрынғы күйеуі қалай өлтіргені белгілі болды

Ақтөбе облысы Саркөл ауылында үш баланың анасын аса қатыгездікпен өлтірген бұрынғы күйеуіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өліміне қатысты оқиғаның қалай болғаны баяндалды. Прокурор Гүлзира Көшербаева айыпталушы Айбануды екі минут бойы қылқындырғанын айтты. Прокурордың сөзінше, күдікті Шұбарши елді мекеніне жеткен соң дүкеннен өзіне энергетикалық сусын, салқын шай сатып алады. Кейін такси жүргізушісіне дүкен жанында күте тұруын айтады. Өзі жаяу Айбану тұратын үйге барады. Бұрынғы жұбайы Сағымбаевамен қайтадан қосылғысы келіп, екеуі өзара жанұялық мәселесін шешу бойынша сөйлесіп тұрған сәтінде әңгіме келіспеушілікке айналған. Себеп – Айбанудың қайта қосылудан бас тартуы. Шай қояйын деп теріс қарап тұрған Сағымбаеваның артынан жақындап келіп, оң қолымен мойынын құшақтап қысып, қасақана қазаға ұшырату арқылы қылмыстық ойын аяғына дейін жеткізу мақсатында тыныс алуы тоқтағанға дейін екі минут аралығында оң қолымен қысып тұншықтырған. Сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес қайтыс болуы себебі механикалық асфексия деп танылды, - деді прокурор. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігінде көзделген аса ауыр санаттағы қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп айыпталған сотталушы 1 ақпаннан бері қамауда отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында патрульдік полиция қайғылы оқиғаның алдын алды
"Көңілім алай-дүлей, көз жасым тоқтар емес". Наркенже Серікбаева ерекше жазба жариялады
"Әдемі көрініс". Бітіру кешінде жұптық вальс билеген інісі мен әпкесі жұртты сүйсінтті
Жазға кеңес: аптап ыстықта қандай сусын адамды сергітеді?
Бетке арналған уколдардың қаупі: мұндай процедураларды жасатпас бұрын не білу керек?
Ақмола облысында мектеп өртенді
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақмола облысында мектептен өрт шықты
"Шаңырақты шайқалтады". Психолог неліктен шағын пәтерде тұруға болмайтынын айтты
Жаңбыр, қар, бұршақ: 27 мамырға арналған ауа райы болжамы
АҚШ-та алапат құйыннан жеті адам қайтыс болды
Бүгін екі қалада ауа сапасы ластанады
5 облыста үсік жүреді: 27 мамырға арналған ауа райы болжамы
Дәрігер терінің қартаюын жылдамдататын өнімдерді атады
Шымкентте жоғалған 3 жасар баланың жағдайы белгілі болды
Ереванда мыңдаған адам митингке шықты
Қар аралас жаңбыр: қолайсыз ауа райында тауға шыққан жасөспірімдер адасып кеткен
Бишімбаевтың ісін қараған прокурор зорлыққа қатысты тағы бір деректі жариялады
Тауда жарақат алған жасөспірім құтқарылды
Қостанай облысында арнайы техникасы бар қойма өртенді
Қостанай облысында бір тәулікте үш көлік өртенді
Грузияда нөсер жауын салдарынан үйлер су астында қалды
"Мектептегі таяқ". Қыздардың ер баланы ұрған әрекеті видеоға түсіп қалған
Маңғыстауда түлектердің ата-аналары соңғы қоңырауды тойлауға үйді жасырын жалға алған