Ақтөбеде екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының курсанттары да өз таңдауын жасады. Таңғы бес жарымда оянып, сайлау учаскесі алдында алғашқылардың бірі болып сап түзеген бұл болашақ ұшқыштар. Дауыс беруге құқылы үш жүзден астам курсанттың 35-і алғаш рет сайлауға қатысып отыр.Қажымұхан ӘШІРБЕК, Т. БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘҚК ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Мен еліміздегі Мәжіліс сайлауларына алғаш рет қатысып отырмын. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Мен өз таңдауымды жасадым. Бұл – біздің болашағымыз. Әр адам, әр қазақстандық өз дауысын беру керек. Қазақстанның тағдыры, болашағы шешілетін күн. Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде сап түзеген сарбаздар да өз таңдауын жасады. Жауынгерлердің басым бөлігі 18-ге енді толған. Ермахан АМАН, 5571 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ: Менің азаматтық өмірімде де, әскери өмірімде де алғашқы дауыс беруім. Өз таңдауымды жасадым. Руслан СОЛОНИЦЫН, 5571 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ: Біз болашағымызды өзіміз қалаймыз. Әр адамның дауысы маңызды ғой.