Ақтөбеде «Выгодный депозит» қаржы пирамидасын құрып, оған жұмыс істеген алты адам сотталды. Пирамида ұйымдастырушысы 10 жыл, қалған бесеуі 8 жыл бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, олардың мүлкі тәркіленеді. Және жәбірленушілерге келтірген шығынды өтейді. «Выгодный депозит» қаржы ұйымы 2019 жылдың қарашасы мен 2020 жылдың ақпаны аралығында Батыс Қазақстан бойынша жұмыс істеген. Оларға 700-ден астам адам қаржы салып, артынан тақырға отырып қалды. Бұл ұйымға жылжымайтын мүлік, қаржы салып зардап шеккендердің ең үлкен соммасы - 40 млн теңге. Ал жалпы шығын 4 млрд теңгеден асады. Қаржы ұйымының мүшелері өткен жылдың соңында қамауға алынған.Жанас ҚУАНЫШЕВ, №2 АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Аймағамбетовке түпкілікті 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 7 жыл қаржы ұйымдарын басқаруға тыйым салынсын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды. Б. Рахметова