Ақтөбе облысында аудандық маслихат депутаты қамауға алынды. Ол жоқ малға 457 млн теңге көлемінде субсидия алды деп айыпталып отыр. Қобда ауданының депутаты "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" 600 ірі қара сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған. Кейін оның бұл әрекеті әшкере болды. Қазір ол қамауда. Тергеу амалдары жүріп жатыр.Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша аудандық маслихат депутатына қатысты Агентттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жалпы шығын көлемі 457 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.