Ақтөбе тұрғыны жаяу жүргінші жолымен өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып, қашып кеткен. Қария алған соққыдан ауруханада көз жұмды. Марқұмның жақындары көлік жүргізушіні, оқиға куәгерлерін табу үшін біздің арнамыздан көмек сұраған болатын. Материал эфирден өткен соң бірнеше куәгер табылып, сол жердегі дүкеннің бейнебақылау камерасының көмегімен күдікті ұсталды. Тергеу 8 айға созылған. Бүгін сот үкім шығарды.Оралбек БАҚТЫГЕРЕЕВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТ СУДЬЯСЫ: Адайбек Райымбекұлы Алдашев ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оны ҚР ҚК 50 бабының 1,2 бөліктеріне сәйкес көлік құралын басқару құқынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сот үкім шығарарда күдіктінің кәмелеттік жасқа толмаған 9 баласы бар екенін ескерген. Сондай-ақ Әсел Айжарықованың азаматтық талап арызы ішнара қанағаттандырылып, сотталушыдан 8 млнға жуық моралдық, материалдық шығын өңдірілетін болады. Десе де, жәбірленуші тарап сот үкімімен келіспей отыр. Әсел АЙЖАРЫҚОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ: Сот үкімімен келіспеймін. Адам өліп отыр. Ал олар тек 2 жыл алты айға соттады. Жүргізуші куәлігінен тек бес жылға айырды. Әлеуметтік желіден көріп отырмыз. Мас күйінде көлік басқарғандарға жеті жылға правадан айырады. Мен облыстық сотқа аппелляцияға жүгінемін. Қажет болса, жоғарғы сотқа дейін барамын.