Ақтөбедегі Бекқұл баба ауылының тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр

Ақтөбедегі Бекқұл баба ауылының тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр. Айтуларынша, үйлерінің қабырғасы қақырап, жарылып жатыр. Елдімекендегі мектеп, емхана, балабақша да осындай жағдай. Тұрғындар мұны ауыл аумағындағы карьермен байланыстырады. Оның жұмысын тоқатпаса, бір күні үйінді астында қаламыз ба деп қорқады.Ауылда екі мыңға жуық түтін бар. Тұрғындар соңғы кезде баспаналарының қабырғасы жарылып, іргетасы отырып жатқанын айтады. Қадіржан БАЙМАҒАМБЕТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Емхана іші жарылып жатыр. Осы карьердің атқанынан деп жатыр. Үйлердің көбісі жарылып жатыр. Назгүл САРТАБАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Жарылыс болғанда өте қатты дауыс шығады. Төбе қозғалады. Балалар қорқады. Мектепке де әсер етіп жатыр. Мектепте трещина бар. Мен взрывтан деп ойлаймын. Мектеп-жап-жаңа. Салынғанын төрт жыл ғана болған. Ал қазіргі сиқы-мынау. Үш жүз орындық білім ошағында екі ауысыммен төрт жүзден астам бала оқиды. Орынбасар БЕКЖАНОВ, №76 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақбалшықтары нелері жарылып жатқан жерлер бар. Қауіп төндіретіндей трещина жоқ. Балалар өміріне қауіп тудырар. Сыртта да ақбалшық жарылып тұрған. Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: Біз қазір Бекқұл баба ауылының балабақша ғимаратының ішінде тұрмыз. Бала бақшада жүзге жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Қазіргі таңда бала бақшаның да қабырғасы сөгіліп, жарлары жарылып жатыр. Ауыл маңында үш бірдей өңдіріс орны бар. Оларда бірнеше рет тексеру жұмыстары жүргізілген. Бауыржан БЕКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Біз ол кең орындарына барып, тексеріс жүргіздік. Жарылыс жұмыстары жүргізілген құжаттар бойынша барлығы дұрыс. Құжат бойынша да, жүргізілген жарылыс жұмыстары бойынша да кінәрат таппадық. Десе де, тұрғындар барлық арыз -шағымдарын жинап, әкімдікке жолдаған. Енді бұл мәселеге қатысты жауапты мекемелердің тексерісінен бөлек, тәуелсіз комиссия құрылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Соңғы рейстерінің бірі еді»: Ақтау маңында қаза тапқан стюардесса жұмысынан кетпекші болған (ВИДЕО)
Желіде апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің әңгімесі тарады
Түркістанда жүгері өңдеу зауытының дәнді кептіру және сақтау кешені іске қосылады
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды