Ақтөбеде 8 адамның өліміне әкеп соққан жол апатынан кейін екінші көлікте болған 3 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі – бала.Ақтөбе-Астрахань жолында болған жол-көлік апатынан соң екінші көлікте болған үш адамды дәрігерлер қарап шыққанымен, олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Кейін олар Ақтөбе қаласына келіп, дереу тексеруден өтті. – Кешегі жол-көлік апатынан зардап шеккен ерлі-зайыптылар көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды. Диагнозы – жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы. Жағдайы тұрақты, палатада. 2009 жылы туған бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Баланың жағдайы тұрақты, қазіргі уақытта ол да палатада. Пациенттер толық ем алып жатыр, - деді Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Тымпиев.