Ақтөбедеспортшы оқушылар зардап шеккен жол-көлік оқиғасына спорт мектебі басшысының орынбасары кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға сотталды

Ақтөбеде спортшы оқушылар зардап шеккен жол- көлік оқиғасына қатысты сот үкімі шықты. Көлік тізгіндеген спорт мектебінің директорының орынбасары 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады. Еске сала кетейік, бұл оқиға 2022 жылдың 17 желтоқсанында болды. Таңертең Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына жарысқа шыққан «Toyota Estima» көлігі аударылып, көлікте болған тоғыз оқушы мен жаттықтырушы зардап шегеді. Бір бала оқиға орнында қаза тапты. Сотталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушілердің алдынан өтіп, кешірімін алған.  Мираш ЖҮГІНІСОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Нұрбек Айбекұлы Жұмекешов ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ сотталушыдан жаттықтырушы пайдасына 5 млн теңге көлемінде моральдық зиян өңдірілді. Бірақ жәбірленуші тарап үкіммен келіспейді. СОТТАЛУШЫНЫҢ ЗАЙЫБЫ: 4 млн 470 беріп отырмын. Әр жағына 5 млн тағы беріп отырсыздар. Мен 10 млн беремін ғой сонда. Еще өзі сотталып кетеді. Мен үш баланы бағамын ба, бес млнды төлеп беремін бе?!

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Төрт бала әкесіз қалды». «Пинтада» қызға араша түсіп мерт болған полицей туралы не белгілі
Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына қатысты
Астанада халықаралық жарыс өтеді
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті
Қазақстандық спортшылар таэквондодадан Сауд Арабиясында өткен турнирде топ жарды
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" саммитінде cөз сөйледі
Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды
Алматыда жолаушыға қамқорлық көрсеткен автобус жүргізушісіне әкімнің атынан алғыс айтылды
Биыл доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қалай өзгеруі мүмкін
Қазақстанда мультимодальды қоймалар салынады
Елімізде биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады
Ақтөбеде үш адам кепілге алынған үйден репортаж