Ақтөбелік диқандар дабыл қағуда: астық жарамсыз боп қалды

Ақтөбелік шаруалар дабыл қағуда. Толассыз жауған жаңбырдан мыңдаған гектар егін жарамсыз боп қалған. Диқандар биыл астық алмасақ, шығынға белшеден батамыз деп қорқып отыр. Сондықтан өңірде төтенше жағдай жариялауды сұрайды. Өңірдегі тілшіміз Бақыт Қазанғапқызы толығырақ айтады. Әйтеке би ауданында жиырма күн тоқтаусыз жауған жаңбырдан шаруалар зардап шегіп отыр. Балшықтан егістікке жақындау мүмкін емес. Александр Чемодановтың шаруашылығы 17 мың гектарға егілген бидай мен арпаның тек 8 гектарын жинап үлгерген. Қалғаны енді жарамсыз. Александр ЧЕМОДАНОВ, ШАРУАШЫЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Бізде 22-нен бастап бүгінге дейін 100 мл ден астам жауын- шашын жауды. Қазір бидайдың басы құлап тұр. Бидайдың масағы өсіп кетті. Бұл біз үшін өте қиын жағдай. Өңірдегі бар шаруашылықтың жағдай осындай. Егілген егіннің тек 20-30 пайызын жинаған. Биыл диқандарға оңай болмай тұр. Әуелі егістікті киік таптап кетті. Бір шаруашылыққа 70-80 млн теңге көлемінде шығын келген. Одан қалды жаздай шегіртке шабуылдап, есті шығарған. Александр ЧЕМОДАНОВ, ШАРУАШЫЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Енді, міне жаңбыр. Бізге өте қиын. Біздер облыс әкіміне хат жаздық. Төтенше жағдай жариялануы тиіс. Әйтпесе, біз астықты айтпағанда тұқымсыз қалуымыз мүмкін. Ақтөбе облысында биыл 440 мың гектар аумаққа егін егілген. Бүгінде оның жартысы да жиналған жоқ. Астықтың ылғалдануы жоғары болғандықтан қазір элеваторға кептіргіш дизель алу жағы қарастырылып жатыр. Бірақ шенеуніктер Төтенше жағдай жариялауға асығар емес. Құсайын СӘРСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Дегенмен Төтенше жағдай жариялаудың өзінің реттері бар. Бүгінгі жағдайда Төтенше жағдай жарияланбайды. Себебі, әзірге мүмкіндігіміз бар. Астық орылмай қалатындай жағдайда емес. Астық бізде свал дейді ғой. Оған шалынбаған, тікесінен тік тұр. Сол себепті орып жатыр. Облыстағы егістік алқаптарының төрттен бір бөлігі Қостанаймен шектесетін Әйтеке би ауданында орналасқан. Сондықтан ауа райының қолайсыздығынан шығынға батқан шаруаларға несие төлеуді кейінге қалдыру немесе басқа да көмек көрсету шаралары қарастырылмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада 12 000 көрермен ел Әнұранын орындады
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Мемлекет басшысы ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше – Ерлан Қошанов
“Ләззат Асановаға арналған“. Танымал “Қазақ қызы“ әнінің жиырма жылдан кейінгі жұмбағы туралы
Ерлан Қошанов: Тәуелсіздік елдік рухымызды асқақтатты
Астанада 12 000 көрермен ел Әнұранын орындады
Абай облысында демалыс аймағы өртенді
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді – Тоқаев
Маңғыстауда 13 жүк көлігі қар құрсауында қалды
Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Синоптиктер 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Кімдерге ет жеген дұрыс? Дәрігер жауап берді
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жолда қалған 15 жолаушы құтқарылды
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?