Ақтөбеде Даун синдромы бар балалардың ата-аналары шу шығарды. Олар өңірде осы дертке шалдыққан балаларға тиісті көңіл бөлінбейтініне өкпелі. Өйткені облыстағы оңалту орталықтары тек медициналық көмек көрсетумен шектелетін көрінеді. Ал бұл балаларды дамытып, оңалтудан өткізу үшін арнайы орталық ашу болуы қажет дейді ата-аналар.Даун синдромы бар балалар жылдар көлеңкеде қалып келеді. Қосымша диагноздары бойынша ғана ем алып жүр. Ал оларды өмірге бейімдеу үшін психологиялық көмектен бастап, жақсы оңалту бағдарламасынан өтуі қажет. Жадыра ТОҒЫЗБАЕВА, АТА-АНА: Күнбе күн адаптациялық, корекциялық жұмыс керек. Ол үшін мемлекеттің қолдауы керек.Біздер жалпы Қазақстанның бюджеттік тізімінде жоқ екенбіз. Біздер даже реабилитацияға бару үшін басқа зпр деген диагнозбен барамыз. Ата-аналардың айтуынша, өткен жылы ғана бұл Даун синдромы бар балаларға шипажай емін алуға мүмкіндік берілген. Оған дейін бұл көмектің өзі қолжетімсіз болыпты. Екі жыл бұрын өңірде халықаралық қоғамдық қор оңалтудан өтуге арналған арнайы ғимарат ашқан. Бірақ орталыққа қаржылай қолдау қажет көрінеді. Гүлназ КАЛМЕНОВА, АТА-АНА: Қоғамдық қор бар «Коритос» деген сол бізге көмектесіп, орталықты ашуға көмектесті. Бірақ әрі қарай жүргізуге мамандарға қаражат керек. Ақысыз қазір ешкім жұмыс жасамайды. Осы орталыққа бізге қолдау көрсетсе, біздің балаларымыз ертеңгі күні далада қалмайды деп шырылдап отырмыз. Шенеуніктер жағдайдан хабардар. Олардың айтуынша, бұл дертке шалдыққан балалар жалпы медициналық протокол бойынша оңалтудан өтіп емделеді. Ал жеке орталықты қаржыландыру үшін оларға әлі лицензия алып, қажетті құжаттарын дайындау қажет дейді. Бақытжан ТҮЛКІБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жылына екі рет реаблитациялық оңалту емін алады. Реаблитациялық орталықтар бар «Аяла», «Қамқорлық» соларда емін жүргізеді. Жеке меншік өзі осындай көмек көрсеткісі келсе мүгедек балаларға ол кезде олар оған лицензия алу керек. Ақтөбе облысында туа бітті мүгедектігі бар бес мыңға жуық бала бар. Оның 215 інде даун синдромы бар.