Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін ұрған азаматқа қатысты іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni.Сотта анықталғандай, 30 қазанда зайыбымен ауызша жанжал кезінде жақтан бір тартып, сол арқылы денсаулығына еш зиян келтірместен оған физикалық ауыртпалық түсірген. Ер адам сотта өз кінәсін мойындап, өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрады. Оған соттың қаулысымен ескерту түрінде жаза қолданылды. Сонымен қатар, жігіттің мінез-құлқына қатысты 3 ай мерзімге ерекше талаптар қойылады. Оның ішінде: атыс қаруын және басқа да қаруды сатып алу, сақтау, алып жүру және пайдалануға; алкогольді ішімдіктерді тұтынуға; физикалық немесе психикалық азап шегу қаупін тудыратын немесе қамтитын қасақана заңсыз әрекеттерді жасауға тыйым салынады. Сондай-ақ ер адам профилактикалық әңгіме жүргізу үшін апта сайын полиция бөліміне баруға міндетті. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.