Ақтөбелік азаматтарды алдап келген Екібастұз тұрғыны ұсталды

Ақтөбелік азаматтарды алдап келген Екібастұз тұрғыны ұсталды. Ол шетелде тіркелген автокөліктерді қазақстандық есепке қоямын деп ақтөбеліктерді сан соқтырған, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, шетелдік автокөліктерді заңдастыру мерзімінің аяқталғанына қарамастан, азаматтар әлі де алаяқтарға алданып отыр. Олар белгілі бір сомадағы сыйақыға шетелде тіркелген автокөліктерді қазақстандық есепке қоюға уәде беріп, өз қызметі үшін алдын ала төлем алады."Жуырда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осындай сипаттағы заңсыз қызметтерді ұсыну жолымен, Ақтөбе тұрғындарын алдаған күдіктіні ұстады. Ұсталған азамат 57 жастағы ақтөбелікке шетелдік тіркеудегі автокөлігін қазақстандық тіркеуге қоюға жәрдем көрсететінін айтып, өз қызметі үшін 50 мың теңге көлеміндегі ақша алса, екінші жағдайда 24 жастағы ақтөбелікке жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсетуге уәде беріп, оның 170 мың теңгесін иеленген", – делінген хабарламада.Екі жағдайда да күдікті жәбірленушілермен WhatsApp мессенджері арқылы байланысып, төлемді алдын ала алған. Алайда уәде етілген қызметті де, өз ақшасын да қайтарып ала алмаған көлік иелері полицияға арызданды. Бұл дерек бойынша ұсталған күдікті жігіт 22 жастағы Павлодар облысының тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Алаяқтық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 жылдың үздік спортшысы мен бапкері анықталды
«Жек көремін». Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновты айыптады
Жетісу облысында жол жабылды
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды
26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті
"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Дайын тағам өнімдерін жеткізуге қойылатын талаптар қандай?
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды