Ақтөбелік еріктілер бес күнде 18 көлік гуманитарлық көмек жинаған

Су тасқыны кезінде халық нағыз ауызбіршіліктің ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетті. Ақтөбеде мыңдаған ерікті арнайы қызмет мамандарымен қатар жүріп, тасқынға қарсы тұрды. Тәулік бойы үйлері суға кеткен жандарды құтқарып, оларға көмек жинап, бөгеттер салып дамыл таппады. Тасқын кезінде белсенділік танытқандармен тілшіміз Бақыт Қазанғапқызы тілдесті. Ақмарал Егізекова -Қобданың тумасы. Туған өлкесіне қызыл су келді дегенді естігеннен келіншек дамыл таппады. Әлеуметтік желіден арнайы чат ашып, өзі көмек жинай бастаған. 5 күнде жерлестерімен бірге 18 газель гуманитарлық көмек жеткізген. Ақмарал ЕГІЗЕКОВА, ЕРІКТІ: Жұма күні түс қайта бастадым мен ватсаптан чат ашып, содан бес жүзге жуық адам жан-жақтан естіп, газелист балдар біздің Қобданың балдары арасында Ойылдың балдары да бар екен. Газелистер өте ризамын оларға Алла разы болсын! Қол ұштарын беріп, өз жұмыстарын тастап келіп, сол жерге жан-жақтан жинадық. Сол күні үш газель жинап алып кеттік. Автоеріктілер клубтары да ешкіммен санаспай, аулаларға бөгет жасап, құм жеткізіп беріп көмектесті. Кеңсе қызметкері Айбек Жұмабаев биыл алғаш рет ерікті болғанын айтады.Су тасқыны туралы естігеннен ол да өз көлігімен тұрғындарды тасып, сонымен қатар қол көмегін беруге тырысқан.Тәулігіне жиырма рет әрі -бері адамдарды көлікпен тасуға тура келген күндер де болыпты. Айбек ЖҰМАБАЕВ, ЕРІКТІ: Төтеншге жарияланғаннан бастап автоволонтерлікке кірдік. Әлеуметтік желідегі парақшадан көріп, группаға кіріп, көмектесуге ниет білдірдім. Апарып кел деген жерге апарып келіп, заттар апарып тастап, продукты жағынан көмектесіп. Қиын-қыстау кезінде балықшыларда қарап қалмады. Олар өз қайықтарымен арнайы киімдерін киіп суға кеткен үйлерден адамдарды алып шығуға көмектесті.Олар тек қала емес Қобда, Ойыл ауданына, көршілес Батыс Қазақстан облысына барып жәрдем берді. Аслан САТАНҒАЛИЕВ, БАЛЫҚШЫЛАР ҚОҒАМЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЕРІКТІ: Ақтөбе қаласында дачный учаскелерде ағысы мықты жерлер болды үйлердің арасында. Былай енді ЧС жігіттері бар өзіміздің Ақтөбенің балықшылары деп өзіміз ашқан топ бар еріктілерден сол жігіттер бәріміз бірігіп, бүкіл қиыншылықты өткердік. Әйтеуір адам шығыны жоқ Ақтөбе облысында соған куанамыз. Адамгершілік пен мейірім - адам бойындағы ең бағалы қасиеттің бірі. Өңірде тасқын кезінде екі мыңға жуық ерікті аянбай еңбек етті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатын тергеу қай елдің құзыретінде болатыны белгілі болды
Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Алматы қаласы маңында жер сілкінді
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасы
Ақтау әуежайында ұшақ апатына дейін және кейін не болғаны белгілі болды
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Қазақстанда кедейлік шегі өзгерді
«Жастарға жұмыс»: 46 адам мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасты
Алматы қаласы маңында жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
СҚО-да 46 жас маман "Жастарға жұмыс" жобасы арқылы жұмысқа тұрды
Қасіретті қаңтар оқиғасының астарын ашқан кітап
Жүргізушілерге 6 өңірде ескерту жасалды
Жұма күнге арналған валюта бағамы
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін табылған қара жәшік қашан ашылады
Жетісайда құжатсыз жүрген 7 жасар бала: ол отбасына қайтарыла ма?
Биыл 254 мектептің құрылысы аяқталды
Бүгін Мұхамеджан Қаратаевтың туған күні
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Елдігімізді танытқан ерен жыл