Ақтөбелік кілем дүкеніне барамын деп күтпеген жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотында айтылды. Ақтөбе тұрғыны кілем дүкеніне кірген. Бүктелген кілемдердің бірі оған құлап кеткен, зардап шеккен адамның оң жақ жамбас сүйегі сынған.Енді сауда орны оған 1 миллион теңге төлейді."Ол дүкен иелерінен емделу шығынын өтеуді және моральдық зиян үшін ақша төлеуді талап етіп, сотқа жүгінді. Бірінші сатыдағы сот талапты қараусыз қалдырды. Талапкер апелляциялық шағым жазды. Нәтижесінде барлығы медиативтік келісіммен аяқталды. Сол бойынша дүкен иелері 1 миллион теңге көлемінде моральдық залал үшін өтемақы төлеуге міндеттелді", - делінген облыстық сот хабарламасында.