Ақтөбелік зейнеткер өзінің Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмай жүр

Ақтөбелік зейнеткер өзінің Қазақстан азаматы екенін дәлелдей алмай жүр. Облыстық көші-қон қызметі 73 жастағы Вячаслав Афанасьевты азаматтықтан және зейнетақысынан айырған. Айтуларынша, қария Ресей азаматы ретінде де тіркеліп, екі елден зейнетақы алып келген. Ал зейнеткер өзінің еш кінәсі жоқ екенін айтады.Бір жыл бұрын қарияның зейнетақысы тоқтап қалған. Картасына ақша түспеген соң зейнеткер не болғанын білуге жауаптыларға барса, өзінің Ресей елінің азаматы екенін естіпті. Тіпті Ресейден көп жылдар бойы зейнетақы алып келген көрінеді. Ал қария 1992 жылдары құжаттарын түгел ұрлатып алғанын айтады. Мәселе соған байланысты болуы мүмкін дейді. Вячеслав АФАНАСЬЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Менде барлық құжаттар бар қолымда. Мен Ресей азаматтығын алған емеспін, ол елде тұрақты тұруға өтініш білдірген жоқпын. Мен ол жақта ешқашан тұрған жоқпын. Зейнетақы алған да жоқпын. Менің ұрланған құжатыммен біреулер жасауы мүмкін. Ұрланған құжаттар сол күйі табылмаған. Ал қария азаматтығынан айырылды. Он жылғы зейнетақысын 9 млн теңге көлемінде қайтаруы керек. Вячеслав АФАНАСЬЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен көші-қон қызметіне өз биометрикалық мәліметтерімді беруге дайынмын. Саусағымның ізі, ДНК. Не керек, соның барлығын беруге дайынмын. Мен үшін Қазақстан азаматы екенімді дәлелдеу маңызды. Қария былтыр облыстық көші-қон қызметін сотқа беріп, қалалық және облыстық сотта жеңіп шыққан. Бірақ қазір зейнеткер Ресей азаматы болғандықтан біздің елдің азаматтығын қалпына келтіре алмай отыр. Эльмира БОЛТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨШІ-ҚОН БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ол ең әуелі азаматтығы жоқ екендігі туралы жеке куәлік алады. Сосын барып өз зейнетақысын қалпына келтіреді. Ресей азаматтығынан бас тартқандығы туралы бізге мәлімет әкелгеннен кейін ғана біз ол кісіге көмектесе аламыз. Өйткені ол біздің облыстың тумасы оған азаматтық алып бере аламыз. Құжатсыз жүрген қария жазда саяжайға егіп, жинаған өнімімен өлместің күнін көріп отыр. Ал Ресейдегі өзімен аттас адамның кім екенін сол жақтың құқық қорғау орындарына арызданып қана анықтай алатын көрінеді. Б. Рахметова

Читать источник astanatv.kz/kz/
Досаев жылу магистралін ауқымды реконструкциялау барысымен танысты
Астанада жатақхана өртеніп, бір адам зардап шекті
Енді халық жаңбыр суы үшін салық төлей ме?
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Грек-рим күресінен Азия чемпионатына қатысатын жасөспірім балуандар анықталды
Таразда көлік көше ортасындағы үлкен шұңқырға түсіп кетті
Қазақстанда қанша көлік тіркелген?
"Композитормын деп танысқан": Алматыда алаяқтық жасаған ер адам ұсталды
12 мыңға жуық шаруаға 2 млрд текше метр су берілді
Алматы полициясы жалған композиторды ұстады
Суға батқан адамдарды құтқарған атыраулық қос полицей марапатталды
Алматыда әйелді қорғауға тырысқан зейнеткерді белгісіз біреу пышақтап кеткен
Елімізде 200 мыңға жуық студенттің табысы артады
"Пышақтап, әмиянын алып кеткен". Алматыда зейнеткерге шабуыл жасалды
Әр көрген сайын сюжеті өзгеріп отыратын фильмдер шығарылады
Қазақстандықтар тозған көліктерді мініп жүр
Құрбан айт мерекесіне орай шетелден құттықтау хаттар келді
Мемлекет басшысының атына Құрбан айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Бірнеше президент Тоқаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Алматыда Renault жол талғамайтын көлікті "аударып тастады": жол апатының егжей-тегжейі
Алматыда АШМ-нің қызметкері жауапқа тартылды
Енді халық жаңбыр суы үшін салық төлей ме?
Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттері басшыларының құттықтау хаттары келіп түсті
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң: не өзгерді, қалай өзгерді, енді не болмақ?