Ақтөбелік зейнеткер туған қаласын су тасқынынан аман алып қалды

Сындарлы сәтте еріктілер алдыңғы шепте еңбек етіп жатыр. Қарғын сумен күреске 25 мың волонтер жұмылдырылған. Олар халыққа қажетті көмек көрсетуде. Ақтөбелік Шыңғыстау Әбдиев туған қаласын тасқыннан аман алып қалды. Өңірдегі су қоймасы лық толып, қалаға қауіп төнген. Сонда мамандар екінші шлюзды ашу туралы шешім қабылдаған. Бірақ сол сәтте кранның тежегіші істемей қалған көрінеді. Шыңғыстау Қибашұлы жарты сағаттың ішінде мәселені шешіп, өзі кранға отырып,екінші шлюзды ашып, суды уақтылы жіберуге жәрдемдесті. Шыңғыстау ӘБДИЕВ, ЗЕЙНЕТКЕР: 36 жыл ішінде мұндай екпін су бірінші рет келіп тұр. Бізде 93 жылы ең көп су болғанның өзіңде секундына 1250 куб солай келіп еді. Ал мында секундына 1700 куб келді. Тіпті биыл мықты су болды. Уақытында жіберіп қауіптің бетін сейілтіп, суды реттеп алып қалдық. Сын сағатта халқына қалқан болар азаматтар қарап қалып жатқан жоқ. Қолынан келгенше тасқын суға тосқауыл болу үшін әрекет етуде. Бұл іске тұрғындармен қатар мемлекеттік қызметкерлер де кіріскен. Марғұлан ОСПАНОВ, Ы.АЛТЫНСАРИН МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Екі-үш күннен бері мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала қызметкерлерінің барлығы осы топан суға тап болған елдімекендерге өздерінің қол көмегін тигіземіз деп екі қолға бір күрек табылып, қапқа арқаланған құмдарды жол жиегіне төсеп, елді топан судан құтқарамыз деп әрекет жасап жатырмыз. Аслан САРТАНҒАЛИЕВ, ЕРІКТІ: Қалай төтенше жағдай басталды, өзіміз бөлек группа ашып, кімде қайық бар, кімде ОЗК соларымызды алып, көмектесейік деп жерлестерімізге. Сонымен, 10 күннен асты. Көмектесіп жүрміз. Суға кетіп жатқан жерлер, үйінде қалып қойған адамдарды қайығымызбен барып шығарып, асығып жүргенде иттері байланып қалған. Оны босатып, қолдан келсе өзімізбен алып шығып. "Жастар Рухы" Жастар қанатының еріктілері де ерекше белсенді. 2000-ға жуық белсенді гуманитарлық көмекті жинаумен қатар үлестірумен де айналысуда. Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жалпы волонтерлар жергілікті жерлерде жұмыс істеп жатқаннан кейін қандай заттар қажет екенін бізге жинап, орталыққа жіберіп жатыр. Гуманитарлық көмек жөнелтілгеннен кейін, басқа облыстың волонтерлары қарсы алып, үйлестіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Жалпы шалғай ауылдарға тікұшақпен жеткізу жүріп жатыр. Еріктілер төтенше жағдай жарияланғалы 550 тонна гуманитарлық көмек жинады.Оның 400 тоннаға жуығы тасқыннан зардап шеккен өңірлерге жөнелтілді. Қазір елімізде 20 волонтерлік штаб жұмыс істеп тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Терроризмді насихаттаған екі қазақстандыққа сот үкімі шықты - ҰҚК
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
Теңге бағамына нарықтан тыс, әкімшілік жолмен әсер ету өте қауіпті – Айбар Олжаев
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді