Ақтөбеде үш тәулік бойы жедел жәрдем қызметінің «103» байланыс телефоны істемей қалды. Халық жедел жәрдеммен байланыса алмай әбігерге түскен. Тұрғындар «103» байланыс қызметі қоңырау қабылдамаған соң, жан-жаққа қоңырау шалып, тіпті «112», «109» қызметтері арқылы дәрігер шақыртқан. Арнайы қызметтерге хабарласа алмағандар жақын ауруханаларға көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Марат ЖАНҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Қабылдау болмаған соң халыққа қиын бізге түсуде қиын болды. «112» қызметі бар. Сол жаққа өзміздің диспетчерді жіберіп, жаңағы түскен шақырыстарды сол жақтан қабылдадық. Және «109» акимат чатына түскен шақыртуларды сол жақтан қабылдап шақырысқа бардық. Белгілі болғандай, соңғы тәуліктерде «103» қызметінің байланыс желісіне хакерлік шабуыл жасалған. Сол себепті үш күн кешкі уақытта шұғыл қызмет қоңырау қабылдау мүмкін болмаған. Байланыс қызметі кеше түнгі сағат онның шамасында толық реттелді дейді жауаптылар. Мамандар енді мұндай олқылық болмайды деп сендіріп отыр. Қанат СЫРЛЫБАЕВ, БАЙЛАНЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Сыртқы хакерлік DDos атака дейді ғой. Яғни именно «103» бөлінген статистикалық сыртқы IP адрес блоктанған болатын. Толығымен интернет болмағандықтан «103» қызметінің де байланыс қызметі жасаған жоқ. Қазір система толық өзгертілді. Яғни, IP адрес барлығы басқа адрес жазылғаннан кейін қазір ондай қауіп жоқ.