Ақтөбеліктер жарық тарифының көтерілгеніне қарсы

Ақтөбеде бау-бақша ұжымдары үшін электр энергиясының тарифі көтерілді. Наурыздың бірінен бастап жарықтың ақысы 18 теңгеге қымбаттаған. Тұрғындардың айтуынша, бұл бірінші жағдай емес, тариф соңғы бір жылда үш рет көтеріліпті.Бүгін бау-бақша ұжымдарының басшылары облыстық әкімдікке келді. Тұрғындар жаздан бері жарықтың құны үш рет өскенін айтып отыр. Ал бірінші наурыздан бастап бір киловаттқа 18 теңге болған. Ақгүл АЙМАҒАМБЕТОВА, БАУ-БАҚША ҰЖЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Светті заңсыз көтеріп жатыр. Бір жылда үш рет көтеріп тұр. 15-20 мың теңгеден каждый ай светке төлеу қатты қиын болып тұр. Бізде көпбалалы аналар. Біреулер от жағады мысалы. Қатты қиын. Тұрғындардың айтуынша, бұл бау-бақша ұжымдары қарапайым халықтан алты, жеті теңгеге қымбат төлейді. Бұған дейін де солай болған. Бұрын тариф он төрт теңге болған кезде бұл саяжайлар 20-22 теңгеден төлеп келіпті. Енді ол 28, 30 теңгеге жетеді дейді. Аманғос ҚҰЛОВ, БАУ-БАҚША ҰЖЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Көшенің жарығына, холостой, потеря оларда жоқ. Соның барлығын бізге іліп тастап отырда. Біздің бау-бақша ұжымдарындағы бүкіл трасформаторларды, желі сымдарын линияларды ЖКХ немесе энергосистема тапсырып, тұрғындармен жеке счет ашып берсе сол жақсы болар еді. Бау-бақша ұжымдарының электр желісін арнайы мекемеге тапсыру бойынша мәселе қазір қарастырылып жатыр. Ал жарықтың қымбаттауына қатысты қызмет көрсетуші мекеменің өз уәжі бар. Олардың айтуынша, жарықты жеткізуші мекеме бағаны көтеріп жіберген. Рустем АРЫСТАНОВ, «АҚТӨБЕ ЭНЕРГОСНАБ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Электр энергиясын жеткізуші мекеме бізге деген бағаны көтергендіктен біздер бағаны көтеруге ұсыныс бердік. 38 пайызға көтеруді сұрадық. Қазір 23 пайызға көтерді. Ол көтерген бағаның өзі біз үшін компанияны убыткаға шығынға алып келуге соғады. Заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдардың басқа қызмет көрсетуші мекемеге кетуі де тарифтың көтерілуіне себеп болған. Бұған дейін жеке азаматтарға солардың есебінен салмақ түспей келген көрінеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Сақ болыңыздар“ - ҚМА қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Нариман Құрбанов әскерилерге шеберлік сағатын өткізді
ІІМ-нің лауазымды қызметкері ұсталды – ҰҚК
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды