Бүгін таңертең Ақтөбенің Алға ауданында электр стансасы өртенді. Қызыл жалын елу шаршы метр жерді шарпыған. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Бірақ қала таңертеңнен бері жарықсыз отыр.Өрт сөндірушілер оттың көршілес қосалқы станса секцияларына таралу қаупін жойып, дер кезінде сөндірген. Қазір өрттің шығу себебі мен салдары анықталып жатыр. Десе де, өрттің салдарынан қазір Алғада жарық жоқ. Жарық болмаған соң насостар жұмыс істемей қалған, қалада ауыз су жоқ. Ауданның әкімі жпағдайды жақын арада реттейміз дейді. Нұрбол ЕРЖАНОВ, АЛҒА АУДАНЫҢ ӘКІМІ: Қазір қасында резервтік екі трансформатор бар. Соларды қарап, жақын арада қосуға жұмыс істеліп жатыр. Скважиналарда электричество болмағаннан соң, біз суды бермей отырмыз. Отопление бар. Жарықты қосқан соң суды да жібереміз.