Ақтөбенің Әйтеке би ауданында су тасқынынан зардап шеккен 25 отбасы үйлі болды

Ақтөбенің Әйтеке би ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй берілді. Тасқын судың кесірінен ауданда 51 үй тұруға жарамсыз болып қалған. Бүгін 25 отбасы баспаналы болды. Қоныс тойға біздің тілшілер де барды. Баспаналы болғандардың бірі -Амангелді Садық. Су тасқыны кезінде шаңырағы суға кетіп, қиын жағдайда қалған. Бүгін Амангелдінің қуанышында шек жоқ. Дайын үйді өзі таңдаған. Енді екі қарындасымен осында тұрады. Амангелді САДЫҚ, ТҰРҒЫН:Осы үйді алып берді. Сонымен бүгін ғана кіріп жатырмын. Өзім қуанып, өзім таңдадым. Ия рахмет! Бәрі халық көмектесіп жатыр. Жәрдем беріп жатыр. Роза ЖҰБАТҚАНОВА, ТҰРҒЫН:Рахмет үкімет үй берді ғой. Осы үйге кіргеніме қуаныштымын енді. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Үйлі болдық.Құтты болсын енді осы үй. Бұдан бөлек ауданда 26 жаңа үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 80 шаршы метр болатын баспаналар үш ауылда салынуда. Азамат ЖАНБОЛАТОВ, ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үш мердігер мекеме Жүргенев ауылында 20 үй, Құмқұдық ауылында бес үй, Жамбыл ауылында бір үй салуда. Жоспар бойынша барлық жұмыстар 1 тамызда аяқталады. Қазіргі таңда құрылыс алаңында жұмыс күшімен материалдар толық жеткілікті. Ақтөбе облысында су тасқынынан 4 мыңнан астам үй зардап шекті.Оның мыңға жуығы апатты жағдайда деп танылған. Облыста 3 мың үй қайта жөнделсе, 475 тұрғын дайын баспана алады. Өңірде 517 жаңа үй салынуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды