Ақтөбенің Қарғалы ауданы Әлімбет ауылы көгілдір отынға қосылды. Бұл нысан «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» жол картасына енгізілген. Партиялықтар бұл нысанның уақытылы жүзеге асуына бақылау жасады. Айгүл Молдағалиева осы ауылдың тұрғыны. Жиырма жылдан астам уақыт ошаққа от жағып, үйді жылыту үшін әлекке түсетін. Одан қалды күл шығарады. Әбден бейнет көрдік дейді. Айгүл МОЛДАҒАЛИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Енді мынау көк отынымыз келіп, ауылымыздың қуанышты күндер болып жатыр. Үйіміз жылып, қиыншылық азайды. Тамақты да осы көк отынға пісіріп қуанышты күндер болып жатыр. Бұл Әлімбет ауылында 246 түтін бар. Қазіргі күні көгілдір отын 231 үйге кіргізілген. Қалған он бес үй тұрғындардың қалауымен келер жылға қалып отыр. Шолпан ҚАЛДЫБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Ауылға газ келіп соған қуанып жатырмыз. Көптен күткен газ келіп, рахаттанып жатырмыз. Әкімдерге ауданның барлығыңызға рахмет. Перизат ҚАЛДЫБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Жұмыстан келеміз от жағамыз, бірінші күл шығарамыз.Сосын көмір , ағаш әкелеміз. Сөйтіп шаруасы көп болды. Көптеген жастар уже қалаға барғысы келмейді ауылда тұрғысы келеді. Өйткені ауыл дамып келеді. Бұл ауылға көгілдір отынды өткізу шаралары үстіміздегі жылдың наурыз айында басталып, қараша айында аяқталды. Қазіргі күні әлеуметтік нысандарға да жылу берілген. Мейрамбек МЫСАЕВ, «ӘЛІМБЕТ» АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Әлеуметтік нысандандардан ауылдық больница, емхана, клуб, әкімшілігіміз оның барлығы қосылып жатыр. Қазір халықтың әл-әуқатының артуына, тұрмыс жағдайының түзелуіне көгілдір отынның көп пайдасы бар. Бұған дейін ауыл тұрғындары жылусыз қалмаймыз ба деп қорқып жер-жерге шағымданған болатын. Мәселені «AMANAT» партиясының партиялық бақылауына енді. Надежда ЗАГЛЯДОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Неоднократно сельчане... Бұл ауыл тұрғындары көгілдір отын тарту мәселесін осыған дейін бірнеше рет көтерді. Сондықтан бұл нысан «Аманат » партиясының Ақтөбе облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» жол картасына енгізілді. Нысан партиялық бақылауға алынып, біздер бірнеше рет осында келіп, нысанның уақтылы аяқталуына мониторинг жасадық. Нәтижесінде мәселе оң шешілді. Жол картасы аясында Қарғалы ауданында биыл біраз шаруа тындырылды. Бадамша орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. Бірнеше көшеге жол салынып, жарықтандырылды.