Ақтөбенің Қобда ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы бүгін үшінші тәулік топан сумен күресіп жатыр. Облыста әлі да болса барлық аудан және облыс орталығын су басу қауіпі бар. Өңір басшысы Асхат Шахаров халықты сабырға шақырып, үндеу жариялады. Бүгін Қобда ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Өңірде жағдай қиын. Топан су жолындағының барлығын жайпап келеді. Өңірде 130 үй мен 225 ауланы су басқан. Ол жерден 831 адам эвакуацияланды. 129 ірі қар амал қауіпсіз жерге көшірілді. Өңірде республикалық облыстық маңызы бар 15 тас жолды суды шайып кетті. Қазір 16 елдімекенмен қатынас жоқ. Тарас КОВАЛЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТЖ АЛДЫН АЛУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: В самом селе Кобде из-за талых вод идет скопление...Қобданың шетінен бастап қар суы келіп жатыр. Қобда да қазір адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде. 320 қапшық, 500 тонна инерттік материал қолданылды. Топан су бүгін Ақтөбенің орталығына дейін жетті. Бүгінде 73 үйге су кірді. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сазды өзені арнасынан тасып, бірнеше орталық көше суға кетті. Қауіптің бетін қайтаруға арнайы қызметтермен қатар ҚР Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімі 150-ге жуық сарбазы көмекке келді. Тасқыннан зардап шеккендерге «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері жәрдемдесті. Еріктілер Темір ауданы Шұбар құдық елдімекенінде тасқын судан зардап шеккендердің үйін қалпына келтіру жұмыстарын атқарып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Бүгін Елек арнасынан тасып, маңындағы үйлерге қауіп төнді. Елуден астам ерікті өзен-көлдер жанында орналасқан үйлерге су кірмес үшін арнайы бөгеттер жасауға атсалысуда. Әлішер ТЫНЫШТЫҚ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫ: Елек өзені көтеріліп жатыр. Ол осы дачаларға су өтіп кетпес үшін барикадалар құрап жатырмыз. Күні кеше Шұбарқұдық кентіне Жастар рухы жастар қанатының белсенділері жол тартты. Жиырмаға жуық белсенді сол жақтағы су тасқынынан зардап шеккен үйлерге көмектесіп, үйлерді қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар атқарды. Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Біз қазір Қарғалы2 бау бақша ұжымында тұрмыз. Бұл жердегі халық түнімен көшірілген. Қазір қырық шақты отбасы эвакуациялық бекетте орналастырылған. Бұл эвакуациялық бекетте қазір 90 адам бар. Көпшілігі үйлерінен тек құжаттарын ғана алып үлгерген. Айтуларынша топан су көзді-ашып жұмғанша үйге кірген. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - 14 үйге су кіріп тұр. Жоғарыдағылардың подвалы су, канализация шығып жатыр. Қалғандары ыдыс-аяғы, киімі билеп жүр. Жихазы бәрі қалқып. Терезенің ортасына келіп тұр судың биіктігі. - Уже эвакуациямен адамдарды шығарып, келіншек балаларымызды шығарып, еркектер қалдық. Түнде уже осылай үйге кіре алмадық. Аймақта арнайы комиссия құрылып, су тасқынынан зардап шеккен үйлер анықталып жатыр. Бүгін облыс әкімі халыққа үндеу жариялады. Асхат ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Қазіргі уақытта аймақта су шайған жолдар, көпірлер мен өткелдер, су басқан үйлер мен аулалар бар. Кеше ауданда болсам, бүгін қаланы аяқтай жүріп қарап шықтым. Материалдық шығында құрылған комиссия анықтайтын болады. Тұрғындарымызға сабырлықтары үшін алғысымды білдіремін. Ешбір адам назардан тыс қалмайды. Әзірге өңірде тәулігіне көмек сұраған төрт мыңға жуық қоңырау түсіп отыр. Бес жуз мың текше метр су сорылып, 4 мың тонна инерттік материал төселген. Су тасықынымен күреске 1700 ден астам адам және 440 бірлік техника жұмылдырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл облысында мыңнан астам көлік қар құрсауында қалды (ВИДЕО)
Ақтауда көшедегі орындықтан ер адамның мәйіті табылды
Мәжіліс депутаттары Жаңаөзендегі гибридті электр станциясының құрылысымен танысты
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді
Екі облыста жолдар жабылды
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды