Ақтөбенің Ойыл ауданында газ бен су қосу жұмысы жүріп жатыр

Ойыл ауданында қазір  газды қайта жалғау жұмысы жүріп жатыр. Үйі жарамсыз күйге түскен адамдар спорт мектебі, лицей мен интернатта орналасқан.Ойыл ауданында қазір шығынды есептеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Тек мүлік шығыны емес, мал шығыны да бар. Мұнда Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев жүр. — ⁠Облыс әкімінің тапсырмасымен халыққа қажетті шараларды ұйымдастыру жұмысында жүрміз. Бірінші кезекте — электр қуатын қосу. Су тасқыны кезінде 12 ауыл жарықсыз қалды. Қазір 10 ауылдағы электр желісі толық жөнделді. Қалған екі ауылға электр генераторлары жеткізілді. Барлық ауылда жарық бар. Ауыз су мәселесінің сұрақтары шешіліп жатыр. Алғашында тоғыз ауылда ауыз су болмады. Қазір жеті ауылда бұл сұрақ шешілді. Қалған екі ауылға эпидемиолог мамандар рұқсат бергеннен кейін қосылады, — деді Асылбек Есенбаев.Оның айтуынша, Ойылдағы эвакуациялық пункттерде 153 адам бар. —⁠Қаратал ауылына су 29-наурыз күні түсте келе бастады. Бала мен әйелдердің бәрі ауылдағы мектепке орналасты. Ал ер адамдар мал қамын ойлап үй маңында жүрді. Сол күні түн ортасында тікұшақпен құтқарушылар жетті. Алдымен үй төбесінде қалған ер адамдарды, кейін бізді аудан орталығына жеткізді. Бәрімізді орналастырды, жағдайымызды жасады. Су қайтқанмен қазір үйіміз жарамсыз. Сондықтан бір шешімі шыққанша осында боламыз. Ойылдықтар екі мезгіл тамақтандырып отыр, алғыс айтамыз, — деді Қаратал ауылының тұрғыны Рина Жабасова. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Табысты адамдар 2025 жылы не істеу керегін айтты
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Зарема Шаукенова: Президент экономикалық мәселелерге ерекше назар аударды
Оралда колледж студенті өлі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салыған адам денесі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды
Қазақстанның екі өңірінде автожолдар жабылды