Ақтөбенің іргесіндегі елдімекенде жүретін жол, ішетін су жоқ

Ақтөбеде «Жаңақоныс 4» елдімекенінің тұрғындары шу шығарды. Айтуларынша, ауылға кіретін жол жоқ, ішетін су жоқ. Балалар балшыққа батып көрші ауылдағы мектепке қатынап оқиды. Шыдамы таусылған тұрғындар мәселелерін алға тартып, қалалық әкімдікке барды.Тілшіміз Бақыт Рахметова баяндайды.Ақтөбенің іргесіндегі бұл «Жаңақоныс 4» елдімекенінде жер телімі 2018 жылы беріле бастады. Қазір екі мыңнан астам учаске бар. Елу үй қыстап шыққан. Қыста боранмен арпалысқан халық, енді көктемде жолдың жоқтығынан тобықтан балшық кешіп жүр. Асқарбек СҮЛЕЙМЕНОВ, ТҰРҒЫН: Қатынас қиын. Балаларын арқалап жолға шығады. Жолдан әрі қарай ағайын, туысы барма, жолшыбай автобус барма мініп келеді сол. Қазіргі мәселе жол. Балшық болып түсіп жатыр. Жаяу адам жүру қиын. Әнуар АЛДИЯРОВ, ТҰРҒЫН: Жолды жасап берсін. Бізге идеальный жасасын демейміз. Ең болмаса шебень төсеп, машина кіріп, шығытындай болса екен. Орталық екі көшеге жасаса оның өзі бізге жақсы болар еді. Ауылда ауыз су мәселесі де шешілмеген. Тұрғындар көрші ауылдардан тасып, ішеді. Кенжебек ЖӘНІБЕКОВ, ТҰРҒЫН: Ақбұлақтың суы жоқ. Скважин қазған ол су ащы. Жуынуға болмаса ішуге келмейді. Ішетін суды Маржан бұлақтан әкеліп отыр. Бүгін халық жанайқайын жеткізбек болып жиналып, қала әкімдігіне барды. Шенділер жиналған жұртты тағы да басу айтып, шығарып салды. Жомарт БАҚЫТКЕЛДІ, ҚАЛАЛЫҚ ТКШ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Жаңақоныс-4» осы 54 елді мекеннің ішіне кіреді. Онда тегістеу жұмыстары жүргізіліп, барлық көшелеріне тегістеу жұмыстары жүргізіледі. Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: Ал ауылдың ауызсу мәселесіне қатысты қазір жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр екен. Мамыр айында сараптама жасалуы тиіс. Тек содан кейін ғана қазынадан қаражат қарастырылатын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Семейде дәмхана өртенді
Әскери қызметшілер майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Алматы кафелерінің бірінде студенттер жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы 2025 жылы бокстан екі әлем чемпионатына қатысады
Жаңа жыл түні қанша адам жедел жәрдем шақырған?
Семейде кафе өртеніп, соңы жарылысқа ұласа жаздады
Жаңа жыл түні Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүгінді
Жаңа жыл күні өмірге келген сәбилердің саны белгілі болды
ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды
«Бір-бірінен айнымайды»: екі «Қожаның» ұқсастығы жұртты таңғалдырды (Видео)
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Анасына тосынсый жасамақ болған»: Ұлытау облысында жол апатынан екі жігіт қаза тапты (ВИДЕО)
Тоқсанға жуық өрт өшірілді
Елде алғаш рет азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті
Қазақстан құрамасы алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты
Ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылады
Шымкентте демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзарды
Құтқарушылар жаңа жыл түнінде күшейтілген режимде жұмыс істеді